Ойнаймын деп от басты. "Өрмекші адам" болып жүрген бала сегізінші қабаттан секіріп кетті

/uploads/thumbnail/20190515142229015_small.jpg

Грузия астанасы Тбилисиде "өрмекші адам" болып киінген төрт жасар бала сегізінші қабаттағы терезеден секіріп, жеңіл-желпі жарақат алды, деп жазады Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Грузия Online сайтына сілтеме жасап.

Негізінде балақаймен бірге пәтерде әжесі де болған. Ол кісі төрт жасар немересі өз бөлмесінде ойнап отыр деп ойлапты. Әжей болған жайтты көршілерден бір-ақ естіген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, "өрмекші адам" болып киінген сәби сүйікті кейіпкеріне еліктеген сияқты.

Қазір ойнаймын деп жарақат алған бала ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын арада жазылып шығады екен.

Бала биік қабаттан өзі құлап кеткенін мойындапты.

Ұсынған: Мият Кәшібай


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар