Саясаткер Константин Сыроежкин қазіргі уақытта мемлекеттік құпияны ашқаны үшін, яғни, сатқындығы үшін тұтқында отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"2019 жылдың 15-қаңтарында ҰҚК-да 1956 жылы туған ҚР азаматы Константин Сыроежкин Львовичтің тарапына 175-баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған", - делінген мәлімдемеде.
Аталмыш бап бойынша істі болған азаматтарға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді. Сондай-ақ, азаматтығын алып қоюы да мүмкін.
"Үстіміздегі жылдың 19-ақпанында Алматы қаласының тергеу соты қамаққа алу туралы үкім шығарған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК мәлімдеуі бойынша, "БАҚ туралы заңның" талаптарына сәйкес, мекеме сотқа дейінгі жасалатын амалдар туралы мәлімет бермеуге құқылы-мыс.
Константин Сыроежкин – қазақстандық саясаткер, шығыстанушы, синолог. 2006 жылдан бастап ҚР Президентінің қол астында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс жасаған.
Аударған: Әділет Мәдениет
Бектас
ҚР Президентінің қол астында Қазақстанның стратегиялық зерттеу институты...(сұмдық екен). ҰҚК қатты жұмыс жасау керек, бұл сияқты шпиондардың талайы бар болар, бұғып жатқан. Әсіресе Орыс империясының шпиондары өріп жүрген болар, елімізге бір ақ сәтте украиндықтардың кебін кигізуге дайын жүрген. Сақтықта қорлық жоқ - деген аталарымыз.