Сирияда қанша қазақ жүр?

/uploads/thumbnail/20190517140628104_small.jpg

Соғыс сойқаны болып жатқан Сирияда әлі күнге дейін 300 қазақстандық қалып отыр. Олардың ішінде 170 бала бар. Бұл туралы Қазақстанның ҰҚК басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Ер адамдар, әйелдер және балаларды қосқанда, әлі күнге дейін Сирия жерінде 300 қазақстандық жүр", - деді Рахымбердиев дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте.

Тұңғыш президент бастамасымен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 7-9 мамыр аралығында Сирия жерінен "Жусан" операциясымен 231 қазақстандық қайтарылған-ды. Олардың ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала бар.

Еліне орала салысымен 16 ер адам және 4 әйел Қазақстанда тыйым салынған "Даиш" ұйымының жағында террорлық мүддеде қызмет жасады деген айыппен қамауға алынды.

Қалғандары Ақтау қаласына жақын маңда орналасқан бейімделу орталығына орналастырылды. Олармен психологтар, білікті дәрігерлер жұмыс жасауда. Бейімделу үдерісі бір айға жуық уақытқа жоспарланған.

Балалардың көпшілігі мектеп жасына дейінгілер. Олардың ішінде 18 жетім бала бар. Айта кету керек, "Жусанмен" жұртқа жеткен қазақстандықтар арасындағы балалардың көпшілігі жат топырақта дүниеге келген.

Қатысты Мақалалар