Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облылысындағы жолдың жартысына жуығының сапасы сын көтермейтінін айтып, жауаптыларды сынға алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент Үкімет пен облыс әкімдігіне 2025 жылға дейін өңірдегі жол жағдайын жақсартуды тапсырды.
"2025 жылға дейін республикалық және жергілікті жерлердегі барлық жолдарды ретке келтіру қажет. Бұл – ауқымды әрі стратегиялық маңызға ие жоба. Осы бағытта "Ақтөбе-Алматы" жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, көлік қозғалысы мен транзит көлемінің артуына байланысты "Ақтөбе-Қандыағаш" бағытындағы жолдың да жөндеу жұмыстарын жеделдету қолға алынды. Сонымен қатар 2025 жылға дейін "Нұрлы жол" бағдарламасының негізінде "Ақтөбе-Хромтау", "Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз "бағытындағы жолдарды да қайта қалпына келтіру қажет. Аталған жобаларды қаржыландыруды жеделдету шаралары жүргізілсін. Бұл менің Үкіметке беретін тапсырмам", - деді президент Ақтөбе жұртшылығымен кездесуінде.
Мемлекет басшысы Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй салуды, халықтың табысын арттыруды, іскерлік белсенділікті қолдап, орта тап қалыптастыруды, сондай-ақ, өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Аударған: Дәурен Сыбанбай
Пікір қалдыру