ҰБТ - адам физиологиясына қарсы келетін жүйе

/uploads/thumbnail/20170708181231213_small.jpg

ҰБТ кезінде амалын тауып телефон пайдаланған балаларды жаппай сөгіп жатырмыз. Бірақ, сол балалардыкі жөн-ау. Меніңше олар мына бетсіз өмірде көштен қалмау үшін, әзер күн көріп жүрген әке-шешесіне артық салмақ салмау үшін жанталасуда. Өйткені ҰБТ адам физиологиясына қарсы келетін жүйе: мықты математик бала химиядан нөл болуы, қазақ тілінің құнарынан дәм татқан ұрпақ орысшаға келгенде омақаса құлауы, мықты әдебиетші тарихтан тосылып қалуы әбден мүмкін. Жаратқан адамға бейімдеп қабілет береді. Ал, ҰБТ мұны ескермейді, "төрт аяғыңды тең бас!" деп талап қояды.

Серік Әбікен,

facebook

Қатысты Мақалалар