Qamshy.kz ақпарат агенттігі бүгін "ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды" деген ақпарат жариялаған-ды. Аталған мақаланың шығуына AltayNews сайтындағы ақпарат негіз болған. Дәл осы материалға қатысты ШҚО әкімшілігі түсінік беріп отыр. Аймақ басшылығының мәлімдемесін қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз.
"Қазіргі уақытта Үржар ауданының аумағында 300 га жер мемлекеттік резервтен шығарылған. Осы екі учаскеге құс фабрикасын салу жоспарланған. Ауқымды құрылыс жұмыстарына қазақстандықтармен қатар, шетелдік инвесторлар да қатыса алады. Жерді сату туралы ешқандай әңгіме жоқ. Сонымен қатар Үржар ауданында 40 мыңға жуық гектар ауылшаруашылық телімдері құс фабрикасының жем-шөп қорын қамтамасыз ету мақсатына мемлекет меншігінде сақталып тұр", - дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.
Оның айтуынша, ешқандай жер қытай инвесторларының қолына берілгелі тұрған жоқ. Жер сатылмайды.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Пікір қалдыру