Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жерлеу рәсіміне көмектесуге уәде берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская мен білім бөлімінің жетекшісі Гүлсім Қожахметова басқа да зардап шеккен балаларды жағдайын білу үшін ауруханаға барды.
Борис Рудаков осы жылы Қарағанды қаласының №10 отра мекетебінің 5 сыныбын аяқтаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды қаласының орталық саябағында ауа райының қолайсыздығынан қатты жел қалықтап бара жатқан батутты ұшырып алып кетті. Оқыс оқиға салдарынан 11 жастағы бала ауыр жарақаттан қайтыс болып, тағы екі бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Қазір оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру