Қуаты 5,1 балл болатын жер сілкінісі Токиодан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Тиба аймағында байқалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kursiv.kz сайтының ақпаратына сүйене отырып.
Жапония метеорология агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің дүмпуі Тиба аймағыныда және сол аймаққа жақын орналасқан елдімекендерге сезілген. Жер сілкінісі қуатты болғанымен, цунами қаупін төндірген жоқ.
Естерңізге сала кетейік, кеше Жапонияға АҚШ президенті Дональд Трамп жұмыс сапарымен келген болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісі Токио әуежайына америка президентінің ұшағы қонғаннан кейін орын алды.
Аударған: Дәурен Сыбанбай
Пікір қалдыру