Батуты бөбектің өмірін жалмаған қожайын тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20190526034210975_small.jpg

Үрлемелі батутты іске қосқан 40 жастағы қарағандылық қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны үшін, сондай-ақ, баланың өліміне әкеп соққан қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

25-мамырда Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, 11 жастағы бала көз жұмды. Тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабына (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, салдарынан адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар