Әлімжеттік жасап желіні шулатқан жеткіншектерге кешірім берілді

/uploads/thumbnail/20190527213330620_small.jpg

Түркістан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістандағы Талғат Бигелдинов атындағы мектептің 9-сыныптағы үш оқушысына әлімжеттік жасаған қаладағы өзге үш мектептің төрт оқушысын кешірді. Бұл туралы Азаттық Радиосына 27 мамыр күні облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің "бұзақылық" бабымен айыпталған төрт оқушы жәбірленуші деп танылған үш оқушымен татуласып, айыпталушы тарап келтірілген шығынды өтеген. Екі жақтың келісімге келген соң 21 мамырда қылмыстық іс тоқтатылған. Айыпталушылар мен жәбірленушілер кәмелет жасқа толмағандықтан, олардың аты-жөні жарияланбады.

Естеріңізде болса, 21 қаңтарда ғаламторда түркістандық мектеп оқушыларының үш балаға әлімжеттік жасап, оларды ұрып-соғып, "темекімен күйдіреміз" деп қорқытып жатқаны бейнеленген видео тараған.  Ертеңінде Ішкі істер министрлігінің өкілі төбелеске қатысушылардың бәрін анықтағандарын жариялады.

Ұсынған: Мият Кәшібай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар