Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Бас күдікті – төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері

/uploads/thumbnail/20190525195828447_small.png

Қарағандыдағы жел ұшырған батуттың иесі төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері екені анықталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ол өртке қарсы бөлімдердің бірінің басшысы болған. Бірақ 20 мамырда ол өзін жұмыстан босату туралы арыз жазған", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды ​​қаласының орталық саябағында балалар ойнайтын үрлемелі батутты қатты тұрған жел ұшырып, соның салдарынан бір бала қайтыс болып, екі бала ауруханаға жеткізілген. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Осы оқиғаға байланысты 40 жастағы Қарағанды қаласының ​​тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен 306-баптың 3-бөлімі (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін және адам өліміне әкеп соққан қызметтерді ұсыну) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ұсынған: Мият Кәшібай 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар