Желіде әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласында қоғамдық көлікпен жүрген фотосуреттері пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Фейсбук қолданушысы Гүлім Әбішқызының айтуынша, Димаш Құдайберген Ақтөбедегі №15 автобусқа мінген. Әншіні көрген автобус ішіндегілер Димашпен кезек-кезек суретке түсіп жатыр

Желі қолданушылары әншінің қарпайымдылығына риза болып, "жарайсың", "керемет" деген түрлі пікірлер жазып жатыр.