Жамбыл облысында қайта өңдеу қарқын алып, кооператив жұмысы жандануда

/uploads/thumbnail/20190531121445526_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс» деген болатын. Осы орайда Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысында аталған сала бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 210 кәсіпорындар тіркелген болса, оның ішінде 183 кәсіпорын нақты жұмыс істеуде. Аталған кәсіпорындарда 2 700-ге жуық адам жұмыс орындарымен қамтылған. Оның ішінде басым бағытта сүт өнімін тереңдете өңдеумен 18, Ет өнімін тереңдете өңдеумен 21, мақсары майын өңдейтін 5, астықты тереңдете өңдеумен 10, жүн-теріні өңдеумен 3, қант қызылшасын өңдейтін 2, көк-өністі өңдеумен 1 және тағы да басқа кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен 2014 жылдан бері сүт өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіргені үшін беріліп отырған субсидияның нәтижесінде кәсіпорындардың саны 18-ге жетіп, осы кәсіпорындар 2018 жылы 682 тонна сары май, 800 тонна қатты ірімшік, 500 тонна құрғақ сүт өнімі өндіріліп, өндірілген өнімдерге жалпы 450,1 миллион теңге мемлекеттік қолдау берілді. Өндірілген өнімдер Республика, облыс және экспортқа Ресей, Қырғызыстан, Өзбекстан, Қытай, Чехия, Жапония, Бахрейн, Иран, Германия мемлекеттеріне өткерілуде.

   Сонымен қатар, облыста 1500-ге жуық жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 55 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс атқаруда, оның ішінде 32 сүт, 15 ет және 8 басқа бағыттарында жұмыс істейді. Осы ауылшаруашылығы кооперативтерін жабдықпен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 3,7 миллиард теңгеге 11 модульді сүт қабылдау пункті, 5 сүт тасымалдайтын автокөлік, 3 модульді мал сою алаңы 1 ет тасымалдауға арналған рефижиратор көлік, 9 сүт бағытындағы кооператив облыстағы өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдау танкерлерімен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта, жалпы 42 кооператив жұмыс істеуде. Оның ішінде 31 сүт бағытындағы (8 сүт өңдеуші кәсіпорынға сүт өткізуде), 8 ет бағытында және 3 басқа (құс, көкөніс) бағытта. Облыста бұл жұмысты жүйелеу үшін арнайы «Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту» картасы және 2018-2019 жылдарға арналған нақты іс-шаралар жоспары дайындалды.

Дулат Айтбай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар