Шіліңгір ыстықта шөлді қандыратын 6 сусын

/uploads/thumbnail/20170708181434097_small.jpg

Біздің ағзамыздың басым бөлігі судан құралғаны жұртқа мәлім. Жай күндері адам ағзасы 2 литр су бөліп шығарады, ал жазғы күні бұл сан 2 есеге көбейеді. Сұйықтықтың жетіспеушілігі ағзамызға кері әсерін тигізеді. Сондықтан ағзадағы сүйықтықты күн сайын толтырып отыру қажет. “Қамшы” сіздердің назарларыңызға шөл қандыратын 7 сусынды ұсынады.

1

Шәй

Шәй – шөлді жақсы қандыратын сусын. Орта Азия, Қытай, Жапон елдерінде ыстық шәй адамды терлетіп, қызуды шығарып ағзаны сергітеді деп есептеледі. Сонымен қатар шәй қан тамырларына әсерін тигізетін P дәрумені мен C және B дәрумендеріне бай.

2

Минералды су

Шөл қандыратын сусындардың ішінде шәйдан кейін минералды су екінші орында тұр. Су ағзаны сергітіп, тәбетті ашып шаршағанды басады.

Лимон тілімі немесе қышқыл жидектер қосылған су шөлді дереу қандырады.

Краннан ағызылған немесе мұзды суды ішуге болмайды.

3

Шырын

Жаздың ыстық күндерінде қызанақ, шие, грейпфрут, алхоры, алша, қызыл тал шырындарын ішкен жақсы. Жидектің жұмсағы бар шырындар шөлді онша қандырмайды. Жаңадан сығылған шырындарды күніне бір реттен артық ішуге болмайды. Себебі: ол асқазанның шырышының түршіктіріп гастритке акеліп соғуға мүмкін.

4

Айран

Қышқыл сүт өнімдері органикалық қышқылдарына өте бай болғандықтан шөлді жақсы қандырады. Адамның ағзасы айранды тез қабылдайды. Сонымен қатар айранды кез келген жеміс-жидекпен қатар қолдануға болады.

5

Қымыз

Қымыз шөл басатын шипалы сусын болып есептеледі. Денсаулыққа пайдалы әр-түрлі дәрумендері адамның ағзасына, асқазанына, өкпесіне пайдасын тигізеді. Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді.

6

Шұбат

Шұбат адам ағзасын витаминдер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қанағаттандыра алады. Дәстүрлi сусын сонымен қа­тар iшек, бауырды тазалап, өт жолда­рының жұмысын жақсартады. Қыш­қыл бөлудi тездетiп, асты жылдам қорытуға септiгiн тигiзедi. Сондай-ақ шөлді де керемет басатын сусындардың бірі.

Аайсұлу Тұрсынбай

Қатысты Мақалалар