"Мен кейде WhatsApp арқылы тапсырма беремін": Тоқаев өз ойын ашық айтты

/image/2019/06/04/photo_261038.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасының журналисі Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында, қарамағындағы адамдарға WhatsApp арқылы тапсырма беретінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Әлеуметтік желілерді пайдалану мен үшін таңсық емес, мен әлеуметтік желілерде жұмыс істеймін. Шындығына келгенде кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беретін кездерім де болады. Мүмкін бұны қауіпсіздік жағынан алып қарайтын болсаңыз, дұрыс емес те шығар. Бірақ ыңғайлы әрі жылдам", - деді президент.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінде алғашқылардың бірі болып Twitter әлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын ашқан болатын.

"Иә, мен Twitter-ді БҰҰ-дан алып келдім. Ол жерде Twitter-де жеке парақшаңды жүргізу керек деген шешім шыққан. Сол себепті мен халықпен байланыстың осы түріне қосылдым. Twitter дегеніміз не? Бұл іс жүзіндегі жеке телеграф агенттігі. Мысалы, бүгін мен бір-екі жол жазба жарияладым. Ішкі істер министрлігіне облыстардың біріндегі полиция бастығының орынсыз қылығына байланысты қалыптасқан жағдаймен күресуді тапсырдым. Қызметтік тергеу амалдары тағайындалып, қатаң жаза қолданылатын болады. Твиттерге жазба қалдырып, нақты тапсырмалар берілгеннен кейін және оған барлығы куә болып отырғанда мен неге біреуге хабарласып, қандай да бір өтініш айтуым керек?", - деді Тоқаев.

Сонымен қатар журналистке берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан кейін ұсыныс бойынша Instagram-ға тіркелгенін айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар