Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ауыз бекіткен ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға, зиялы қауым өкілдеріне, әкімшілік қызметкерлеріне арнап ауызашар берді. Кең дастархан басында облыстық Бекет ата мешітінің бас иманы Смайл Сейтбеков қажы облыс әкімінің жайған дастарханынан дәм татқан жамағат атынан ризашылық білдірді.
«Рамазан – адам баласын жан-жақты тәрбилейтін ай. Ораза ұстау дегеніміз – тек қана жеп-ішуден тиылу емес, бүкіл ағзаңа ораза ұстату. Сонда ғана адам оразадан рухани ләззат алады, іздегенін табады. Ораза – мұсылманның есепсіз сауапқа кенелетін айы. Сол себепті, берген ауызашарыңызды қабыл етіп, мол сауаптар нәсіп етсін», - деп жылы лебізін жеткізді. Облыс басшысы Ералы Тоғжанов жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Тілек-ниеттерінің қабыл болып, ел Тәуелсіздігі тұғырлы, келешегі кемел болсын деп тіледі.
Пікір қалдыру