10 жастағы қыздың өлімі: Министр ұйымдастырушылардың қауіпсіздікке мән бермегенін айтты

/image/2019/06/04/krasivye-zaplyvy-v-basseyne-milaya-malenkaya-devochka-malenkoy-devochki-13143787

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық кешені бассейінінде көз жұмған он жасар қыз баланың оқиғасы туралы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Кеше қылмыстық іс қозғалды. Шын мәнінде, ол – мектеп әкімшілігі ұйымдастырған балалардың жазғы лагері. Кеше 30 бала бассейнде жүзіп, қайғылы оқиға орын алды, қыз суға кетті. Қазір құтқарушының қай жерде жүргенін, неге дер кезінде шара қолданбағанын анықтап жатырмыз. Ұйымдастырушылардың жауапкершілігі туралы мәселе өте көп, лагерді жасақтап, қауіпсіздікке мән бермеген секілді.",- деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова БҒМ қызметкерлерінің оқиға орнында болғанын хабарлады.

"Балаларды жүзуге үйретуді ұйымдастыру бойынша БҒМ мен ІІМ бұйрығы бар. Мұндай жұмыстар жүргізілуде. Жазғы лагерлерде жұмыс істейтін адамдарға келетін болсақ, әрбір мұғалім балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты, сондықтан олар оқудан өтеді. Мектеп лагерлері бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады. Қатаңдыққа келсек, біз адамдарды жинадық, тағы да бұйрықтар қалай болуы керектігін түсіндірдік", - деді министр.

Нұр Сұлтан қаласында 3-маусым күні "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының бассейнінде он жастағы қыз суға батып кетті. Ол № 10 орта мектепте бірінші сыныпты бітіріп, көп балалы отбасында үлкен бала болған. Бала бассейнге лагерь тобымен барған.

Полиция "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша істі тергейді.

Аударған: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар