Жомарт кәсіпкер жағдайы төмен 10 отбасыға баспана сыйлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында еңбегі мен іскерлігінің арқасында кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар жетерлік. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында аудандағы кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көптеген көмектер берілуде.
Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер – Сырым Ертаев. Ол өз есебінен 2017-2018 жылдары тұрмысы төмен Алтынтөбе ауыл округінен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен 3 жанұяға, Жаңабазар ауыл округінен 2, жалпы 7 отбасыға үй салып берген. Және биылғы жылы да бұл қайырымды ісін жалғастыра отырып жуық арада Жігерген ауыл округінен 1, Қазығұрт ауыл округінен 2, жалпы 3 жанұяға баспана тарту етпек.
Пікір қалдыру