Қазақстанда жаңа курорттық қала салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алтайньюс сайтының дерегін негізге алып.
Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри қаласы пайда болуы мүмкін. Нысанға 2,6 мың гектар жер таңдалып қойған екен. Бұл жер "Жаңа Іле" туристік орталығының бас жоспарына енген болатын. Алайда орталық сол бойы салынбады.
Мәдениет және спорт министрлігі қазі осы ұсынысты талқылауда. Олар премьер-министрмен қатар түрлі министрліктердің және Алматы облысының билік өкілдерінен құрылған жұмыс тобын құрмақшы.
Белгілі болғандай, аталмыш жоба Алматы тау кластерінің бір бөлігі болып табылады екен. Жоба елімізде туризмід дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.
Пікір қалдыру