Дәрігер ессіз жатқан емделушіні шұжықпен ұрды (видео)

/image/2019/06/06/4424b43c39d24f9c9ab661b7592b4d22.jpg

Румынияда белгісіз дәрігер ессіз жатқан емделушіні шұжықпен соққыға жығып, маскүнем деп тіл тигізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Видеода көрініп тұрғандай, емделуші бетіндегі оттегімен демалу маскасымен ессіз жатыр. Бұл уақытта жедел жәрдем фельдшері қолына шұжық алып, “Маскүнем!” деп басынан ұра бастады. 

Видеоға Румыния ІІМ басшысы Кармен Дэн пікір білдірді. 

“Бір адамның қылығы бүкіл мекеменің дәрежесі мен өз қызметін кәсіби жасап жүрген жүздеген адамдарға зардап тигізу мүмкін”, - деді министр.  

Ол фельдшерді тауып, жұмыстан шығаруға талап етуде.  

ТЖ басқарма өкілдері оқиға бойынша тергеу бастады.  

Аударған: Ильдар Адильченов 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар