Петропавлда шапалақпен ұрудан турнир өтеді

/image/2019/06/07/photo_282480.png

Петропавлда тұңғыш рет шапалақ ұрудан турнир өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news   сайтына сілтеме жасап. 

Бірін-бірі танымайтын адамдар 8 маусым күні №26 мектептің жанына жиналып, шапалақтасудан жарысады.

Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік, – дейді Әділхан Шуканов.

"Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды", - деп түсіндірді Сергей Швец.

Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады. Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды.

Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар