Екі күн ішінде 700 адам қамауға алынды

/image/2019/06/11/5572608.jpg

ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митинг бойынша пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

“Жексенбі күні - 500 адам, дүйсенбіде 200 адам ұсталды. 150 адам жауапкершілікке тартылды”, - деді ол. 

Оның айтуынша, екі қала: Алматы және Нұр-Сұлтан бойынша ақпарат осындай. 

Басқа қалаларда өткен митинг бойынша ақпаратты Нұрділдә Ораз растамады. 

“Жексенбіде 400 адам жауапкершілікке тартылды. Ал дүйсенбіде 500 адам ұсталып, 150 адам жауапкершілікке тартылды”, - деді ІІД басшысының кеңісшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында митинг кезінде 500 адам қамауға алынды. Ал келесі күні сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев митингке шыққан қауымды ашық диалогқа шақырып, Интернетті бұғаттау туралы пікір білдірді.   

Дайындаған: Ильдар Адильченов 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар