Алматыдағы Төле би көшесінде орналасқан бейнекамера түнде митингке қатысқан қауымды түсіріп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бейнеролик 10-маусым күні сағат 23:30 түсірілген. Видеода көрініп тұрғандай, ондаған адам жолды жауып, шеру жасады. Артарынан келе жатқан автокөліктер апаттық дабыл қосып, баяу қозғалуда.
Адамдар қауымы жол жүрісіне кедергі жасап, кептеліс пайда болды.
Кадрлар Төле би көшесінің бойымен Гагариннен бастап, Розыбакиев көшесіне дейін жалғасты.
“Қазіргі таңда, Алматыда жағдай бірқалыпты. Транспорт және барлық қызмет жұмысы дұрыс қамтамасыз етілді. Көшелерде қауіпсіздік шаралары жасалды”, - деді Полициясы департаменті.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру