Алматы қаласындағы К. Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында спортшының туған күніне орай арнайы мемориалдың ашылу салтанаты өтуі тиіс болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бекітілген уақытта аталған мекен-жайға журналистер мен қала тұрғындары жиылған. Мақсаттары – мезгілсіз ажал құшқан Олимпиада чемпионының ескерткішіне гүл шоқтарын қою.
Десек те, спортшы ескерткішіне гүл қою үшін келгендерді мемориал орынында жөндеу жұмыстары қарсы алды.
Кейін белгілі болғандай, еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты мемориалдың ашылу салтанаты 17-маусымға ауыстырылған.
Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өткен жылдың 19-шілдесінде кездейсоқ жағдайда қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Көлік айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді тоқтатпақ болған спортшы ауыр жарақат алады. Жұмсалған пышақ спортшының тамырын кесіп жіберіп, жарақат салдарынан Олимпиада чемпионы қайтыс болған.
Пікір қалдыру