Нұр-Сұлтанда ер адам балаларға тапаншамен қоқан-лоқы көрсетті (видео)

/image/2019/06/13/9527c71d2e68651c2256.png

Нұр-Сұлтанда полицейлер балаларда тапаншамен қорқытқан ер адамды қамауға алды. Бұл туралы елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 12-маусым күні орын алды. 51 жастағы ер адам балаларды тапаншамен қоқан-лоқы көрсетіп, үркітіп тұрған. 2 бала көрші аулаға қашып, сол жерде жүрген полицейді шақырды.  

“Оқиға орына бірден патрульдік полиция қызметкері лейтенант Руслан Шмидт барды. Ол бұзақыны қолға түсірді. Оған көмекке аға лейтенант Жандос Өзбек келді”, - делінген баспасөз хабарламасы.   

Сараптама анықтағандай, ер адам мас болған, ал тапанша пневматикалық болып шықты.  

Оқиға бойынша сотқа дейінгі іс басталды. 

Дайындаған: Ильдар Адильченов 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар