Украина елордасының атауы АҚШ және халықаралық базада Kiev-тен Kyiv-ке өзгертеді. Қаланың атын өзгерту туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Валерий Чалый мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
“Біз мұны жасадық!!! Енді әрбір әлем әуежайынан біздің азаматтар Украинаның нағыз астанасы Kyiv-ке келеді. Енді олар кеңестік Kiev-ке оралмайды”, - деді Чалый.
Келіскен өзгертулер 2019 жылдың 17-маусым күнінен бастап күшіне енеді.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру