Ринат Заитов: Бәрі жақсы, алаңдамаңыздар! (видео)

/image/2019/06/13/094855987700.jpg

Айтыскер ақын Ринат Заитов Instagram парақшасына видео жүктеп, Семейде екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Біреулер "Ринат митингіге шақырып жүр" деп шулатып жүр дейді. Құрметті ағайын, мен басында да айтқанмын, қазір де айтамын, мен ешқашан бір өзгерісті адамдардың қан төгісімен жасамаймын. Сондықтан бәріңіз аман-сау болыңыздар. Сіздерге айтар зор алғысым бар. Құдай қаласа, бір-екі күн демалып, өз-өзіме келіп алайыншы. Біреулердің ырың-жырың бос әңгімелеріне ере бермеңіздерші",- деді Заитов инстаграмдағы видеосында. 

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер ақын Ринат Заитов 10 маусымда кезектен тыс президент сайлауының нәтижесімен келіспейтінін айтып, бір топ бақылаушылармен бірге Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдына жиналған. Ол халықтан сайлауда "Әміржан Қосановты қолдайық" деп айтқаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта партия құрғысы келетінін айта бастағанда полиция мен арнайы жасақ жиналғандарды жаппай ұстады. Ұсталғандардың арасында Заитовта болды.

Бірақ біршама уақыттан кейін ақын Youtube желісіндегі арнасы арқылы өзін полиция босатқанын айтып видео таратты.

500-ге жуық адам Заитовты "өз көзімізбен көрмесек, босатылғанына сенбейміз" деп Алматы полиция департаментінің алдына жиналды. Ринат Заитов жиналғандардың арасына өзі келіп, тарқауға шақырды.

Оқи отырыңыздар: Жүрсін Ерман: Ринаттың қайда екенін өзім де білмеймін

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар