Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі болып тағайындалуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мәжіліс сайтына сілтеме жасап.
Сауда және интеграция министрі болуға үміткерді премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Бақыт Сұлтанов 1971 жылы Алматы қаласында туған.
Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрінің орынбасары, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті әкімшілігі Басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болған.
Пікір қалдыру