Мәжіліс депутатының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

/image/2019/06/19/maxresdefault-2.jpg

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Анар Жайылғанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме бере отырып.

Еске сала кетейік, жақында ғана Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді.

«Сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттардың атынан алғысымызды білдіреміз. Барша әріптестеріңіз сізді білікті заңгер, тәжірибесі жоғары маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте осы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалдыңыз. Өте лауазымды қызмет. Сондықтан барша депутаттардың атынан осы жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырыс барысында Анар Нұралықызына арнайы «Алғыс хат» тапсырылды.

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы оны үздік аяқтады. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.

2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар