"Қашқын банкир" Жомарт Ертаевтың қамау мерзімі екі айға созылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы аудандық тергеу соты Жомарт Ертаевтың қамау мерзімін 5 айға созды.
Жомарт Ертаев Алмағы осы жылдың наурыз айында әкелінген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, өкен жылдың наурыз айында Жомарт Ертаевқа BANK RBK АҚ-дағы қызметтік шенін пайдаланып, 2011-2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланылған.
Жомарт Ертаевпен бірге бұл қылмысқа қатысы бар адамдар ретінде 54 адам күдікті ретінде тіркелген. Олардың 41-і топ-менеджерлер болса, қалғандары қатардағы қызметкерлер. Біраз уақыт бұрын банктің экстрадицияланған үлескері Бақыт Ибрагим, И. Мажинов, Д. Туғанбай, Д. Едігенев, А. Мамырбеков, Т. Шәріпов те бар бұл қатарда.
Тергеу амалдары барысында 15 миллиард теңге қайтарылып, 48 миллиард теңгенің мүлкін қолдануға тыйым салынған.
Пікір қалдыру