Бас прокуратура: Сайлау кезінде ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ

/image/2019/06/20/9181967.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес өткізілді Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Бас прокуратусының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Ел Президентінің сайлауында сайлаушылардың өз еркін білдіруінің нәтижелеріне күмән тудыруы мүмкін құқық бұзушылықтар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Сайлау кезеңінде прокуратурамен 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ы соттармен қаралды, 6-ы қаралуда.

Басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында азаматтарға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі ӘҚБтК-нің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 108–бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы - бір дауыс - бір бюллетень). Негізінен олар отбасы мүшелері үшін бюллетеньдер алған. Бұл Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Осындай 4 іс Жамбыл облысының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауында.

Прокуратура органдарымен бірқатар БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бюллетеньдер салу мен өзге де бұзушылықтар туралы бейнежазбалар бойынша тексеріс жүргізілуде. Мәліметтердің көпшілігі расталмады.

Көптеген бейнежазбаларда оқиғалар болған учаскелер, аудан, қала, облыс туралы деректердің жоқтығына байланысты қалған фактілер бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Тексеру қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа берілетін болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар