"Бүгін балалардың көңіл-күйі жақсы. Барлығы өте көңілді. Себебі, оқушылар осыған дейін бірнеше рет ҰБТ өткізілетін орындарда дәл осындай тексерістермен, интернет бұғаттаушы құрылғылармен тест тапсырып көрді. Сондықтан, бұл олар үшін қалыпты жағдай.", - деді министр.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда 117 242 түлек ҰБТ тапсырады. Осы орайда Асхат Аймағамбетов мемлекеттен қанша грант бөлінгенін айтып өтті.
"Өткен жылы гранттар саны өсті. Биыл да өсу тенденциясы сақталды. Осы жылы 53 мың мемлекеттік грант бакалавриатқа бөлінді. Бұл балаларымыздың білім алуына, жоғары оқу орнына түсуіне үлкен мүмкіндік береді", - деді білім министрі.
Пікір қалдыру