Ұлттық бірыңғай тестілеуден Түркістан облысының түлегі ең жоғары балл алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"24 маусымнан бері бізде ең жоғары балл тіркелді - 140 балл. Ол Түркістан облысы Сарыағаш мектебінің түлегі Жубай Қасымжан", - деп хабарлады БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Айта кетейік, ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмаған. 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады.
Пікір қалдыру