Қазнетте Арыстағы төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысып, күні бойы шаршаған өрт сөндірушілердің суреті пайда болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ол туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов фейсбук әлеуметтік желісінде жазды.
Арыс қаласындағы жарылыс кезінде оқиға орнына 400-ге жуық өрт сөндіруші келген. Олар күні бойы өте қиын жағдайда жұмыс істеді.
⠀
"Өрт сөндірушілердің алдында басымды иемін. Олар күні бойы Арыста өрт сөндіріп, қираған үйінділерді қалпына келтіріп, тұрғындарды эвакуациялады. Түнде ұйықтау үшін оларға қауіпсіз аймақтан орын дайындалды. Ал олар штабта, спортзалдың еденінде ұйықтап қалды. Таңға жуық әскери бөлімшенің аумағынан басқа барлық жердегі өрт ауыздықталды. Нағыз батырлар. Оқиға орнында 400-ге жуық өрт сөндіруші болды", - деп жазды Сәкен Қалқаманов.
Пікір қалдыру