Қаржы министрлігі: Мемлекет тарапынан 105 миллиард теңге бөлінеді

/image/2019/06/27/crop-161_1_719x959_news1516765817.jpg

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайлов қиын жағдайда қалған жанұялардың несие бойынша қарыздарын жабу қаражат қайдан алынатыны туралы айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

–Біз айтқан мұқтаж адамдардың кепілсіз несиелер, олардың пайыз мөлшері және айыппұлды төлеу үшін мемлекет тарапынан 105 миллиард теңге бөлінеді. 88,5 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен алынады. Сәйкес сомма бюджеттен жақын аптада шығарылады. 17 млрд теңгені біз Проблемалық несие қорынан арнайы облигация шығарып аламыз. Кепілсіз несие бойынша айыппұлдар мен өсімдердің 70 пайызы қаржы мекемелерінде жабылады, - деді Смайлов Нұр-Сұлтанда өткен пресс-конференцияда. 

Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев мүгедектер мен көпбалалылардың несие бойынша қарыздары жойылатыны туралы жарлыққа қол қойған болатын.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар