Қазақ мектептерін көбейтіп, жақсы жағдай жасауға қауқарымыз жетпей ме?

/image/2019/06/27/crop-51_7_576x768_1501740913_article_b.jpeg

Қостанайлық ата-аналар қаладағы жалғыз қазақ мектебінің жағдайы нашар екенін айтып шағымданды. Олар мектепті кеңейтуді немесе жаңа қазақ мектеп салып беруді талап етуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ең сорақысы осыдан бірнеше күн бұрын қала орталығындағы №24 мектебін жауып, орнына жаңа балабақша салуды жоспарлаған. Алайда ата-аналардың қарсылығынан кейін мектепті таратпайтын болды.

– Осыдан біраз уақыт бұрын қазақ мектебін аудандық орыс мектептермен біріктірмек болды. Алайда ата-аналар наразылыққа шыққан соң қазақ гимназиясын жаппайтын болды. Енді біз қазақ мектебін жаңартып, кеңейтуді талап етіп отырмыз. Себебі мектеп өте тар әрі кішкентай. Тіпті 0-сыныптың оқушылары қазақ мектебіне қарама-қарсы орналасқан орыс мектебіне барып оқиды. Сыныптың жетіспеушілігі салдарынан орыс мектебіндегі сыныптарды жалдайды. Біздің Қостанайда орыс тілділер көп дейді. Қалай көп болмасын? Қазақ мектептерінің саны аз. Оның өзінде жағдай жасалмаған. Мен өзім сол №24 мектепте оқығанмын. Менің мектепті бітіргеніме шамамен 20 жыл болды. Бірақ мектепте ешқандай өзгеріс жоқ. Жаңармаған, сол баяғы қалпында тұр, - дейді аты-жөнін жасыруды өтінген қостанайлық тұрғын. 

Қостанай қаласында жалпы 36 мектеп бар.  Қазақ мектептері саусақпен санарлықтай аз. Көбісі аралас мектептер.

Қостанай Ресейдің емес, қазақтың жері. Ресейдің өзінде бір қазақ мектебі болған. Аталмыш мектептің де жағдайы керемет емес еді. Кейін жабылып қалды деген ақпарат тарады. Қош! Бұл жағы түсінікті. Ресейде қазақ мектебін ашпасақ та, өзіміздің елде қазақ мектептерін көбейтіп, жақсы жағдай жасауға қауқарымыз жетпей ме? 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар