Бүгінгі Арыс: Қала тұрғындары өз үйлерінде (видео)

/image/2019/06/28/crop-187_83_562x1000_snimok-ekrana-68.png

Арыс қаласының тұрғындары таңғы сағат 06:00-де Шымкент қаласы, Бекжан базарының тұсында орналасқан "Ақмешіт" мешітінен өз үйлеріне аттанды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Халық Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздікті сақтау бойынша жадынамаға сай әрекет етпек.

Арыс

Таң белең алған тұста қолында бар заттарын жинап, қала халқы жолға шықты. Бұл туралы Яков Фёдоров есімді Facebook желісінің қолданушысы өз парақшасына видео жүктеген болатын.

 

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов халықтың сол уақыттағы көңіл-күйін сұрап, ақ жол тіледі. 

Полиция қызметкерлерінің бастауымен тұрғындар қалаға кірді.

Арыс қаласына халықты Шымкенттен 135 автобус тасымалдауда. Жалпы бас-аяғы 30 мыңнан астам адам тіркелген эвакуациялық орындардан халықты қалаға көшіру жұмысы ойдағыдай атқарылуда. Бейсен Тәжібаев жүктеген видеода Арысқа кіріп келе жатқан халықты көруге болады.

Басшылық адамдары қарапайым халықпен бірге әр үйге кіріп шықты. Халық қолдарына тапсырылған ережеге сай жұмыс істеп жатыр.

"Алдағы уақытта ешқандай апат болмаса екен",- деген қорқынышпен үйлеріне жеткен халықтың үрейі сәлде болса басылғандай. Мекемелер өздерінің жұмыстарын бастап кетті. Арыс қаласына жиналған ақшамен үйлердің құрылысын ертерек аяқтап, барлығы қауіпсіздікте болса екен дейміз.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар