Ресейдегі «Голос. Дети» байқауында жарқ етіп жұлдызы жанған өреннің кеші аншлагпен өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2700 билет толығымен сатылған. 300-дей билет көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін таратылды.
Жалпы, мерекелік кеш елорданың 21 жылдығына орайластырылған. Концертте Ержан Максим Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Сәкен Майғазиев сынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен дуэтте ән шырқады.
Әндердің басым бөлігі патриоттық сарында. Әлемдік классика туындылары да болды.
Концерттің телевизиялық нұсқасы шілденің 7-сі күні «Хабар» арнасында көрсетіледі деп жоспарланған.
Асхат Маемиров, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
– Елімізде бұрын-соңды дәл 11 жасында үлкен эстрадалық симфониялық оркестрмен жеке шығармашылық концерт беру бірінші рет болып тұр. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді ғой. Біздің Ержан кішкентай бес жасынан бастап сахнада ән шырқап келе жатыр. Әнші жас талант армандайтындай конкурстардың барлығына қатысты. Оның феномендігі ересек вокалистер орындайтын күрделі классикалық туындыларды шырқауында және соны еш қысылмай, өзінің бүкіл табиғат берген мүмкіндігін көрсетуінде деп мен ойлаймын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру