Қазақ қызымен түскен суреті үшін Атыраудың "Теңіз" вахталық қалашығындағы мұнайшы қазақтардың ашуына тиген шетелдік азамат қазақ халқынан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған суретінің салдарынан құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры, облыс әкімі, ПД басшылығы, ҰҚҚД, облыс прокурорын аяқтан тік тұрғызып, қазақтың ашуын оятқан Ливия азаматы қазақ елінен кешірім сұрап, видео жариялады.
Видеодан өзінің ісіне өкініп, қазақ ұлтынан кешірім сұрайтынын айтқан.
Пікір қалдыру