Халыққа шын жаны ашыса, Арыс апаты кезінде Әблязов қайда болды?

/image/2019/06/30/qamshy-1.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Nur Otan» партиясының бейбіт шеруінде Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осылай деді.

«Жанымыз қиналып отырғанда, қой терісін жамылған Әбіләзов сияқтылар халықты арандатып, ортаға от салғысы келеді. Сөйтіп халықтың арасына іріткі салуда. Егер шын жаны ашыған болса, кешегі Арыс апаты кезінде қайда болды? Халықтың, елдің тұрақтылығын, берекесін алғысы келіп, судай шашқан ақшасынан зардап шеккендерге бір тиын көмек берді ме? Осы тұрған барша халықтың біреуіне болсын бір үзім нан берді ме? Берген жоқ, әрине! Сондықтан, әлеуметтік проблемаларды желеу етіп, елдің ішіне ылаң салып, халықтың шырқын бұзуға ешқашан жол бермейміз», – деді Бақытбек Смағұл. nur otan

Бейбіт шеруге қатысқан белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы әйелдерін ереуіл үшін көшеге жіберіп, өздері үйде отыратын еркектерге өкпесін айтты.

«Қазақ «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған» халық. Ал қазір әйелдерін көшеге жіберіп, өздері үйде отырған еркектердің тірлігі не деген сұмдық? Бұл не деген масқара! Сондықтан ер-азамат деген атқа сай әрекет етіп, әйелдеріне ие болу керек. Жақсы күнімізді жаман деп ертең көшеде тентіреп қалмайық», – деді Оразгүл Асанғазы. nur otan

Сонымен қатар ол әкелері ерте өмірден өтіп, бес баланы аналары өсіріп, жетілдіргенін айтты.

«Біз әкеден ерте қалдық. Сол кезде анам бес баласын өзі өсірді. Ел бар, ағайын бар. Соларға арқа сүйеді. Ешқашан сол кездегі аудандық партия комитетіне барып, байым өлді деп қол жайған емес», – деді Оразгүл Асанғазы. nur otan

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында елдің арасына іріткі салып жүрген арандатушылардың қитұрқы әрекеттеріне қарсы халық бейбіт шеруге шықты. Қаладағы «Жерұйық» саябағына жиналған 1500-ден астам азамат тәуелсіздігіміздің тамырына балта шабатын жалған ұрандарымен елдің іргесіне сызат түсіруді көздейтін арам пиғылды Әбіләзов сияқты керітартпалардың әрекеттеріне қарсы өз ойлары мен пікірлерін ашық айтты. nur otan

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар