Бақытжан Сағынтаевтың алғашқы жұмыс күні

/image/2019/07/02/crop-180_0_487x649_9445435.jpg

Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне халықпен сөйлесу мәдениетін жөндеуді, сондай-ақ, қажет шараларды қолдануды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Міне, ұзақ жұмыс күні аяқталды. Алматылықтардың белсенділігі мен мәселелерге бей-жай қарамайтындығы үшін алғыс білдіремін. Барша аудан әкімдеріне қала тұрғындарымен дұрыстап сөйлесуді және қажет шараларды қолдануды тапсырамын. Бірге жұмыс жасап, бірге шешеміз!", - деп жазды әкім өзінің Twitter парақшасында.

Өзінің алғашқы жұмыс күнінде Алматының жаңа әкімі бірқатар тапсырмалар беріп, аудандарды аралап шықты.

Сонымен қатар, Алматыдағы автобустардың жол-көлік оқиғаларына ұшырау мәселесін шешуді тапсырды. Қоғамдық кеңестің жиналысын өткізіп, Алматы-1 темір жол вокзалына барды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар