Павлодардың әкімі “сенімімді аяққа таптады”

/image/2019/07/02/crop-108_4_385x514_1534997965_2018082218153680299_pogudx37hgrfnu06fg-03789484.jpg

Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевке эбен жиһазы үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

“Әкім Әнуар Күмпекеев қала бюджетін тиімсіз пайдаланған, Сондықтан оған қымбат пәтер, 6 миллион теңге тұратын эбендік жиһаз алғаны үшін қатаң сөгіс жариялаймын. Сонымен қатар, президент жарлығын орындамау, бюджеттегі шығыстардың қаражатын көбейтуге байланысты тыйымдарды бұзған. Сондықтан, оған 11-маусым күні қатаң сөгіс жариялаған болатынмын”, - деді облыс әкімі.  

Болат Бақауовтың айтуынша, ол Күмпекеев туралы керек құжаттарды Президент әкімшілігіне жібереді. 

Әнуар Күмпекеев толығымен менің мемлекеттік қызметкер ретінде сенімімді аяққа таптады. Күмпекеев туралы керек құжаттар президент әкімшілігіне жіберіледі. Нұрханов Ермұрат Сапарбекұлын Павлодар әкімі міндетін атқарушы ретінде қоямын”, - Бақауов 

Облыс әкімі бүкіл бұйрықтарын уақытында орындалуын талап етті.  

“Барлығына түгелдей өзгертуге бұйрық беремін. Сұраныс қатаң болады”, - облыс әкімі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар