Тоқаев: Біз Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асырамыз

/image/2019/07/02/crop-496_106_849x1509_261332e1986b8f68b6713823a9e28030.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елдің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асыратынан айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының ғимараты мен халықаралық арбитраждық орталығын ашу рәсімінде айтқан. 

"Біз заманауи, кәсіби және дербес сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ағылшын құқығы қағидаты негізінде құру арқылы біз «Астана» халықаралық қаржы орталығының институционалдық құрылымын жасауды аяқтаймыз. Сонымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асырамыз", – деді Тоқаев.

Президентің  айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін жасаған қадамдарының бірі саналады.

"Біз мұның биік мақсат екенін түсінеміз. Ол тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімді, әртараптандыруды, жаңа инвестиция мен технологияны тартуды талап етеді. Біз реформалардан қорықпаймыз. Сондықтан, бұрынғы КСРО аумағында алғаш рет ағылшын құқығы сот төрелігінің жалпы жүйесі аясында елімізде табысты қолданылып отыр", – деді Қазақстан президенті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар