BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев "Теңізде" жұмысшылар арасындағы қақтығыс туралы өз ойын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, 90-шы жылдардың ортасынан бастап Chevron, Exxon және ҚазМұнайГаз (ТШО) жергілікті мұнайды өңдеу үшін $130 млрд жұмсады. Бүкіл инженерлер мен бас мердігерлер және қосалқы мердігерлер шетелдік компаниялардан келді. Ал жергілікті жұмысшылар сөз жоқ орындаушы қызметін атқарды. Қатаң тәртіпті арабтар, италиялықтар және т.б. ұстады.
–Батыстықтар “жергілікті мамандардың біліктілігі жетіспейді” дейді. Бірақ 20 жылдай ешқандай келісімшарт ұсынбай, жергілікті кадрларға қызығушылық танытпады, - деді ол.
Рахымбаевтың айтуынша, кез-келген ТШО (Теңізшевройл) - бизнес. Сондықтан, үнемі келіссөздер жүргізілу керек. Мемлекет өзінің азаматтарының құқықтарын қорғау керектігін жеткізді.
–Бұл туралы ешқандай депутат ойламады. Қазақтар өз орнында нық тұрып, өз жерінде бірінші болуы керек. Жерлестеріміздің жағдайын өзіміз ойламасақ, басқа кімге қажет?, - деді сөз соңында Рахымбаев.
Пікір қалдыру