Әкесі арматурамен ұрып, денесінің сау тамтығы қалмаған 8 жастағы бала ауруханаға түсті. Қатыгез әкеден қашқан балаға көшедегі жандар көмек берген. Көп ұзамай әлеуметтік желіге тараған видеодан өз ұлын таныған шеше де ауруханаға жетті. Алайда шешесі соққыға жығылған өз ұлын кінәлап отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге алып.
Бүтін Еңбекшіқазақ ауданының мамандарын аяғынан тік тұрғызған бұл бүлдіршін үйінен 30 маусымда қашып кеткен. Жолдан такси ұстап, жұрттан мені құтқарыңдар деп жалбарынғанға ұқсайды. Денесіндегі темір іздерінен адам шошиды. "Әкемнен таяқ жедім, екі күннің бірінде анамды да соққының астында алады. Ол шыдамай үйден кетті" депті. Тауып алған кісілер бірден полицейлерге хабарлап, ауруханаға жеткізген.
«Жаңағыдай дене жарақаты дейді. Денесінде ғана із бар. Арқасында, жамбасында, аяғында, қолында, аяғының төменгі жағында, жамбасында бар, - дейді Есік облыстық орталық ауруханасы, балалар бөлімінің меңгерушісі Венера Раисова. .
Бір күн үйіне келмеген сегіз жасар баланың шешесі ұлының ауруханада жатқанын тек әлеуметтік желі арқылы білген. Алайда, бізбен тілдесуге қарсылық танытты. Отбасылық кикілжіңге ешкімді араластырғысы жоқ. Бірақ дәрігерлерге "таяқ жеген ұлымның өзі кінәлі" деген. Өздері Есіктегі саяжайда тұрғанымен, бала қаладағы мектептердің бірінің оқушысы екен. Ондағы директор да жауаптан қашты. Ол мектеп оқушысы туралы ешқандай ақпарат бермейтінін айтты.
Ал, Медеу аудандық білім бөліміндегілер, отбасын тек жақсы қырынан танып отыр.
«Мектепке тап-тұйнақтай боп келетін. Сабақ үлгерімі де өте жақсы. Класс жетекшісінің немесе мектеп әкімшілігінің тарапынан дәл осы отбасына ешқандай шағымдар түспеген, - деді Медеу ауданының білім бөлімінің бас маманы Айткүл Кемелова.
Қазір бұл іс бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғаған.
–Қазіргі уақытта бұл дереккке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабына сәйкесғ тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Айта кету керек, балаға дене жарақатын салды деген күдікке туған әкесі ілінді», - деп пікір білдірді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев. .
Қазір жеткіншекпен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бала қатты қорқып қалғанын айтты. Ал, білім бөліміндегілер "әкесін әкелік құқықтан айырғанымызбен, бала анасының қасында қала береді" дейді. Бірақ, отбасылық кикілжіңге теңеп, 8 жастағы баланың құқығын шешесі қаншалықты қорғап отырғанын да полицейлер тексеретін болады.
Пікір қалдыру