Алматыда жол полициясынан қашқан той көліктері екі полиция қызметкерін қағып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полициядағылардың айтуынша, кешке кешкісін әл-Фараби даңғылында Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған жол-көлік полициясы батальоны қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған көліктер кортежінің ізіне түседі.
“Алғаш рет полиция оларды Жароков көшесі бойында тоқтатуға тырысады. Бірақ олар оны елемей ағызып өте шығады. Одан соң жол ережесін бұзушыларды ұстау үшін Атакентке шығатын жол жабылады. Алайда бұл шектеу де оларды тоқтата алмады. Осы арада "Тойота Камри" көлігі полиция лейтенанты Мақсат Қилыбаевты қағып өте шыққан. Қилыбаев кері шегініп үлегерді. Осы кортежге тиесілі "Lada Priora" көлігін тоқтатпақ болған полиция капитаны Жандос Бұғалов та зардап шекті. Оның тізесіне қатты зақым келген, бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан. Капитанды қаққанымен қоймай " Lada Priora" полицияның қызметтік көлігін де итере өтіп кетті. Бәрібір олар оның ізіне түсіп, Сахариев көшесінде той көліктерінің үшеуінің де жолын жапты. Көліктерде "Қыз ұзату" тойынан қайтып келе жатқан тола жастар болған, оның ішінде қалыңдық та бар”, - дейді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.
Пікір қалдыру