Ұлттық банктің бұрынғы төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

/image/2019/07/03/crop-148_2_388x517_2017122209484658171_news1487158098.jpg

Ұлттық банк бұрынғы төрағасы Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, тергеп-тексеру ісі өз мәресіне жетуге таяу. Тергеу амалдарының қорытындысы көп күттірмей халық назарына ұсынылмақ. 

Қылмыстық іс қозғауға түрткі болған негізгі себеп - Лондон биржасынан БЖЗҚ сатып алып, KASE-ге сатуға қойған Қазатомпромның акциясы. 

Екінші себеп - теңге курсының ойыншыққа айналуы. Тарап жатқан ақпараттарға сенсек, қылмыстық іс қозғаған тарап теңге курсының ойнамалылығынан бірнеше компаниялардың тәуір табыс тапқанын анықтапты-мыс. 

Әзірге ҚР Бас прокуратурасы бұл мәліметтер туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар