Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасының жарылғаны үшін ешкімнен кешірім сұрамайтынын мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл кінәлі болатын жағдай емес. Бұл – табиғи нәрсе. Арсеналдың өзіндік қауіптері болады. Сондықтын әзірше кешірім сұрайтын жағдай көріп тұрған жоқпын", - деді министр.
Журналист сұрағына берген жауабында министр өзі басқарып отырған ведомства тарапынан ешқандай кінә көрмейтінін айтты. Видео журналист Жазира Бегалының парақшасынан алынған.
Пікір қалдыру