Пір Бекет Ата Ақмешітінің имамы, қаламгер, Ислам қажы Мырзабекұлының «Әбілқайыр хан мен Бопай ханым» туралы жазылған кітабының екінші басылымы жарық көрді. Жаңа туындының таныстырылымы ғалымдар, кітапханашылар, өңірлік сараптау кеңесінің мүшелері, оқырмандар қатысуымен өтті.
-Орыс әдебиеттері Әбілқайырдың Ресейге жазған хатын орыс ғалымдары бұрмалап, қате аударған. Семей университетінің оқытушысы аударма жасап, батпақтан ашып алды. Мен оны кітапқа енгіздім. Бопай ханым орыс патшайымдары Елизавета, Аннамен терезесі тең болған, өзінің мөрі болған. Осыларды зерттеп, архивте болып, ниеттендім. Ақтауға келіп, таратудамын, дейді автор Ислам Мырзабекұлы.
Бопай ханым ел басқару ісінде Әбілқайыр ханның сенімді әрі ақылды серігі болып, ішкі және сыртқы мәселелерді шешуге атсалысып, дипломатиялық қатынастарды реттеп отырған. Оның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі де - ұрпаққа үлгі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптың 500 данасы шығарылған. Автор шарада облыстық, аудан-қалалардың орталық кітапханаларына, Ислам Мырзабекұлының кітапхана қорына арнайы өзі табыстады. Әрі қарай, Ақтөбеде, Оралда, Атырауда таныстырылым болмақ.
-Әбілқайыр хан туралы қаншама кітап болды. Бопай ханым туралы бұл алғашқы көлемді шығарма. Ислам Мырзабекұлы өте ізданымпаз, өте жақсы жазған, дейді оқырман Саламат Нұрұлы.
Пікір қалдыру