Тарбағатайда «Тамаша» атты балалар театры жұмыс істеп тұр

/image/2019/07/04/crop-5_112_631x1121_b.qusanbaev-shakirtterimen-kopiya.jpg

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында осы өңірдегі тұңғыш ашылған балалар театры жұмыс істеп тұр. Оны өзінің туған жерінде көпшілікке есімі таныс актер, режиссер Бейбіт Құсанбаев ашып, жеткіншектерге бекзат өнердің қыр-сырын үйретуде деп хабарлайды . 

– Нұр-Сұлтан қаласында еңбек еткен жақсы әрине, бірақ елді, туған жерді сағынады екенсіз. Оның үстіне, жиған-терген тәжірибемді, білімімді ауыл балаларына арнап, туған елден  балалар театрын ашуды қаладым. Сөйтіп елдегі ағайындардың қолқалауымен Тарбағатай аудандық мәдениет үйінің жанынан «Тамшы» балалар театрын ашып, жұмыс істеп жатырмыз. Балалардан құралған тобымызбен бірқатар ертегі қойып, қайырымдылық концерттер ұйымдастырып үлгердік, – дейді Бейбіт Құсанбаев.  

Оның айтуынша, «Тамшы» театры бұл күнде 60-тан астам баланың басын қосып отыр. Елімізде алғашқы болып осы театрда эстрадалық вокал үйірмесі ашылған. Одан бөлек балалардан құралған хор бар. 

– Бұйыртса, болашақта біздің театрымыз облыс аудандары арасындағы ең ауқымды балалар ұжымы болады. Мұны әлі ешкім дұрыс түсіне қойған жоқ. Түсіне білген адамға балалар театры – үлкен рухани орталық, – дейді Бейбіттің өзі. 

Астананы ауылға айырбастап, туған жерін түлетуге, ауылдағы қарадомалақтарды өнерге баулуға белін бекем буған Бейбіт Құсанбаевтың Тарбағатайдан «Тамашадай» театр ашуын рухани жаңғырудың жарқын үлгісі деп қабылдадық. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар